CO₂ газын ұстау және сақтау технологиясы Қазақстанның экологиялық міндеттемелерін орындауға көмектеседі

Dalanews 10 февр. 2026 10:10

ҚР Энергетика министрлігі мен Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығы (ҚЭҚ) ұйымдастырған көмір генерациясын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде кәсіпкер Сергей Кан көмір энергетикасын ұзақ мерзімді декарбонизациялау стратегиясын таныстырды. Кәсіпкер көміртегін ұстау және сақтау (CCS) технологияларын енгізу бойынша жүргізілген зерттеулер туралы айтып берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясының акционері экологиялық трансформацияның стратегиялық маңыздылығын атап өтті. 

«Елдің экология саласындағы халықаралық келісімдер бойынша жауапкершілігі бар, сондықтан біз алға қарай қарауымыз керек. Алдыңғы жылы біз Қазақстан мұнай және газ институты, Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы және жер қойнауын зерделеуге мүмкіндігі бар Schlumberger компаниясының қатысуымен зерттеу ұйымдастырдық. Ертіс маңы бассейнін зерттеу барысында біз дәл осы газды көмуге арналған бірнеше резервуар таптық. Зерттеудің бастапқы кезеңі жүргізіліп, барлық нәтижелер құжат түрінде бекітілді. Меніңше, болашақта бұл технология шығарындыларды азайтудың және халықаралық деңгейде берген міндеттемелерімізді орындаудың негізгі құралы болады – біз бұл технологиясыз алға жылжи алмаймыз. Егер қазір бастасақ, 2035 жылға қарай жобаны толық енгізе аламыз», - деді ол.


Жобаның өзектілігі көмір генерациясын арттыру жоспарларына байланысты: 2035 жылға қарай станциялардың белгіленген қуаты 21,2 ГВт-қа дейін артуы тиіс, бұл жыл сайын қосымша 20–30 млн тонна CO₂ шығарындысына әкеп соғады. CCS технологиясы түтін газдарынан көмірқышқыл газын бөліп алып, оны 800 метрден астам тереңдіктегі жер асты қабаттарына мерзімсіз оқшаулау үшін айдауға мүмкіндік береді.

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов саланың ұзақ мерзімді декарбонизациялау стратегиясын Ұлттық жобаға енгізу туралы ұсынылған идеяға қатысты пікір білдірді.

«Бізге CO₂ газын топыраққа әрі қарай айдаудың геологиялық мүмкіндіктерін жоғары дәлдікпен анықтап алуымыз керек», – деп атап өтті министр.

Жобаны іске асырудың негізгі полигоны ретінде Павлодар облысындағы сыйымдылығы 12 млрд тонна болатын және ірі эмитенттерге жақын орналасқан Ертіс маңы бассейні ұсынылды. Жол картасына сәйкес, 2026 жылы ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) аяқталып, 2029–2033 жылдары құрылыс кезеңі өткеннен кейін көміртегін өндірістік айдаудың бірінші кезегі 2035 жылға қарай іске қосылуы мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove