Биыл елордаға бір миллион жасыл желек отырғызамыз – Жеңіс Қасымбек

Dalanews 16 июн. 2023 12:36 1128

Бүгін Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Елорданы көркейту жұмыстары ары қарай жалғасын табатынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде қаланың барлық ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы жүріп жатыр.

Биыл 150-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылмақшы. Олардың бәрі қала тұрғындарының бос уақытын жайлы әрі денсаулығына пайдалы күйде өткізе алатын тартымды орындардың біріне айналады.

– Бүгін бірқатар аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің құрылысымен таныстым. Мәселен, жақында «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері ашылады. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерімен жалғасады. Автотұрақ кеңістігі («Алатау» СК-ға қарама-қарсы) жаяу жүргіншілер аймағына айналды, осылайша жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы болар бірыңғай тұжырымдама жасалды. Ал жағалау бойына спорт және ойын алаңдарын орнатамыз, – деді қала әкімі.


Сонымен қатар Сәтбаев көшесінде Қажымұқан көшесінен Петров көшесіне дейінгі аралығы жаңартылмақшы. Мұнда қала тұрғындарының демалуға арналған орындар, көлеңкелі шатырлар, ойын алаңдары, веложолдар және орнатылады.

Әкім алдағы уақытта орталық жағалаудың тарихи көшелері де (Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр көшелері) жаңартылатынын жа жеткізді. Бұл жаңадан абаттандырылған орындарды осыған дейін ашылған орындармен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша серуендеуге арналған үлкен кеңістік құрылады.

Әкімдік алдағы уақытта қаланы абаттандырумен қатар көгалдандыру мәселесіне де ерекше назар аударуды жоспарлап отыр. Биыл бір миллион жасыл желек отырғызу көзделуде.

 

Рекомендовать
Последние новости