Болат Назарбаевтың "оң қолы" Қоспаевтың базарын шетелдіктерге сатпақ болғандар ұсалды

Көркем Алдабергенова 12 дек. 2024 09:59 2054

ҚМА сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еске салсақ, бұған дейін Агенттік "AV-Construction" ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тергеуді аяқтаған болатын.

Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев болып табылатын "Nikolsky Investment" ЖШС тиесілі Алматы қаласындағы "Никольский" базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған.

Алайда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған.

Ағымдағы жылдың 5 қазанында құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген.

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ, жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды.Тергеу жалғасуда. 

Айта кетейік, Елдос Қоспаевтың соты жабық режимде өтеді. Қоспаевты қылмыс әлеміндегілер "адам жегіш" деп атайды. Қылмыстық іс бойынша айыпталушы 11 адам, олар:

Елдос Қоспаев, Айдос Қоспаев, Айбек Қоспаев, Ерлан Имашев,Руслан Шалин, Оксана Кудряшева,Тимур Танашев,Алексей Кузнецов,Дастан Абижанов,Рауан Бабаев,Асар Алтынбасаров.

Бұл адамдардың бәрі рейдерлік жасап, адам ұрлап, қылмыстық топ құрған және жалған құжаттар жасаған деп айыпталып отыр. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті былайғы ортада Болат Назарбаевтың сенімді өкілі саналып келген Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесін Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізгенін мәлімдеген еді. Бұл операция былтыр 6 қыркүйекте жүзеге асырылды.

Бұл топқа ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған болатын.

Осылайша Жамбыл облысының бас прокуроры Нұрғалым Әбдіров Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобы елден шекарадағы салғырттық салдарынан қашып кеткенін айтты. 

"Қордайдағы тәртіпсіздіктер кезінде мемлекеттік органдардың жұмысы дұрыс емес екені анықталды. Оның ішінде, мемлекеттік шекараның сенімсіз болуы да бар. Шекара қызметін бақылау біздің құзырымыздағы нәрсе емес. Бірақ біздің облысымыз шекарада тұрғандықтан шекара қауіпсіздігі мәселелері біздің бақылауымызсыз қалмайды. Бұл жұмысқа құқық қорғау органдары ғана емес, жергілікті атқарушы органдар да тартылады. 

(...)

Соңғы жылдары Қазақстанды Еуропаға өту үшін Оңтүстік Азия азаматтарының (Пәкістан, Непал, Бангладеш, Ауғанстан) транзиттік ел ретінде пайдалану жағдайлары жиілеп кетті. Қазір біз қылмыстық элементтерді қолдана алатын шекараның тар және әлсіз жерлерін алып тастаумен айналысамыз", - деді Әбдіров Orda.kz-ке берген сұхбатында.


Рекомендовать
Последние новости