Біз де пендеміз, біздің де бала-шағамыз бар

Dalanews 11 апр. 2017 06:35 857

Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттарының жалақылары 30-50 пайызға өсіп, орташа есеппен 600-700 мың теңгеге жетті. Бұл туралы депутаттардың өздері не дейтінін saigez.kz сайты сұрап білген екен. 

Кеше ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко депутаттар жалақысының өсіміне қатысты өз пікірін білдірді.

“Саяси қызметкерлер арасында жалақысы соңғы боп өскен осы депутаттар, Негізі бұл шешім осыдан 4 жыл бұрын қабылданып қойылған еді. Министрліктер мен өзге де ведомстволардағы жалақыны біртіндеп өсіремін дегенше 4 жыл өтіп кетті. Міне, енді біздің кезегіміз келді”, – дейді Владимир Божко.

Оның айтуынша, саяси қызметкерлердің бәрі бірдей жалақы алуы тиіс. Ал, біздің елде депутаттар саяси мемлекеттік қызметкерлер болып есептеледі.

Басқа да Мәжіліс депутаттары жалақы төңірегінде қысқаша пікірлерін айтты.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты:

– Депутаттар да мемлекеттік қызметкер. Халықтың мұңын айту керек. Олардың мойнына артқан жауапкершілік көп. Жауапкершілігіне орай өзінің еңбекақысын алу керек деп ойлаймын. Жалақысы көбейсе қуанбайтын адам бола ма?! Біз де пендеміз, біздің де бала-шағамыз бар, бізге де қажеттілік бар. 

Ольга Шишигина, Мәжіліс депутаты: 

– Бір жағынан өте қуанышты жаңалық. Екінші жағынан, жалақысын көтеруге болатын басқа да мұқтаж адамдар бар. Мәселен, дәрігерлер мен мұғалімдер. 

Рекомендовать
Последние новости