Білім берудің сапасы мен кәсіби даярлық мәселесі талқыланған халықаралық форум өтті

Dalanews 08 нояб. 2023 14:08 1105

2023 жылғы 8 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университет базасында Metu University жұмыс беруші кәсіпорындарының, Ресей және Қырғызстан жоғары оқу орындары басшыларының қатысуымен "Білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру сапасының индикаторы ретінде жұмыс берушінің кәсіби даярлықтағы рөлін арттыру" тақырыбында Халықаралық форум өтті.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры, қауымдастырылған профессор Г.Ә. Сәрсенбекова кәсіпорындар мен университеттің тығыз байланысы білім беру бағдарламаларының мазмұндық бөлігін сапалы әзірлеу және маманның практикалық даярлығын күшейту үшін өте маңыздылығын, сонымен қатар бұл форум осы процеске қатысушылардың өздерін ынталандыру арқылы жаңа технологияларды, кәсіби даярлықтан өту әдістемелерін енгізу үшін, сондай-ақ Университет студенттеріне микробіліктілік, қосымша маманданықты беру үшін шешімдер табуға көмектесетінін атап өтті.



Форумның пленарлық отырысында "Ресей биотехнологиялық университеті (РОСБИОТЕХ)" ФМБЖББМ Бірінші проректоры, профессор М.В. Николаев, М.М. Адышев атындағы Ош технологиялық университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры, профессор У.Ж. Мамытов, «Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті» ФМАЖББМ (Ұлттық зерттеу университеті) профессоры И.Ю. Потороко, Таулы Алтай мемлекеттік университетінің Туризм және қонақжайлылықты дамыту орталығының жетекшісі, доцент Т.А. Куттубаева жоғары оқу орны мен бизнес-құрылымдар арасындағы ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті.

"Атамекен" ҰКП-ның Адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы Д.В. Жұматаев микробіліктілік бағдарламалары және оларды тану тәртібі туралы, "Қазақстанның тамақ кәсіпорындары одағы" ЗТБ-ның Атқарушы директоры М.Д. Сабралиева кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі өзара іс-қимыл және бизнес тәжірибесі бойынша өзекті баяндамаларын жасады.


Өз баяндамаларында "Академсеть" ЖШС Бас директоры Т.М. Тахабаев, "Increase food" ЖШС компаниясының өндіріс директоры А.А. Райымқұлова METU University-мен бірлесіп нормативтік құжаттаманы дайындау және университет студенттеріне тиісті микробіліктілікті беру жұмысын бастауға дайын екендіктерін білдірді.



Халықаралық форумның екінші бөлімі мамандарды даярлау бағыттары бойынша өтті.

Оған тәжірибелі сарапшылар-жұмыс берушілер, METU University оқытушы-профессорлар құрамы қатысты: "Биохимиялық инженерия" бағыты – "Өнеркәсіптік микробиология" ЖШС, "EcoProduct" ЖШС, "Жилисбаева" ЖК, "Дары Шарын" ЖК, "CemEX Engineering" ЖШС, "Экосервис" ЖШС, "НПП Антиген" ЖШС; "Тамақ өндірісінің техникасы мен технологиясы" бағыты – "Жалын "ҒТО" ЖШС, "КазСтандарт" РМК, "Сараптама және сертификаттау ҰО" АҚ, "Агроинженерия" ҒӨО, "Carlsberg Kazakhstan" ЖШС, "ЛОТТЕ Рахат" АҚ, "LA VANILLA" ЖШС, "Органикалық фудс" ЖШС, "Prosnab-servis" ЖШС, "SOZO" ЖШС, "Республикалық ешкі фермасы" ЖШС, "ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД" ЖШС, "ВИКТОРИЯ" ЖШС; "Экономика және бизнес" бағыты – "БанкЦентрКредит" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Ақтау теңіз порты" АҚ, Экономика институты, Қазақстандық Туристік қауымдастық, "Sea Star tourism LTD" ЖШС, "Учет"компаниялар тобы; "Инженериядағы SMART технологиялар" бағыты – "KEGOC" АҚ Алматы ЖЭС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "Алатау жарық компаниясы" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "КомИнжиниринг" ЖШС, "Комсервис" ЖШС, "Alageum Electric" ЖШС, "Nokia Solutions and Networks Kazakhstan" ЖШС; "Бағдарламалық инженерия" бағыты - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Jusan Bank" АҚ, "Wildberries" ЖШС, "QCLOUDY" ЖШС, "Suretter Software" ЖШС халықаралық компаниясы, "Bugin Holding" ЖШС, "3mins" ЖШС және т. б.

Форумның даярлау бағыттары бойынша жұмысы көтерілген және шешімін тапқан мәселелердің бастысы – METU University студенттеріне микробіліктілікті енгізу және беру, дуалды оқытуды енгізу, METU University кәсіпорындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын (сараптамалық қорытынды, пікірлер, академиялық комитеттер құрамындағы жұмыс) әзірлеу және іске асыру, METU University қызметкерлерінің жұмыс беруші кәсіпорындардың тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауы мақсатында Университет пен жұмыс беруші кәсіпорындарды шоғырландыру мәселелері орын алды.
"Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты" ЖШС Басқарма төрағасы Б.А.

Дүйсенбековтың ұсынысы бойынша, университет ағымдағы оқу жылында "Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану" білім беру бағдарламасы шеңберінде студенттерді өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша оқытудың жеке траекториясын әзірлейтін болады.

«Alageum Electric» компаниясының Басқарма Төрағасы Н. Стваев университетпен одан әрі ынтымақтастықты дамытуға дайындығын атап өтіп, оқытушы-профессорлар құрамын кәсіпорынның өнеркәсіптік нысандарына баруға шақырды.
"Учет. Бухгалтерия" ЖШС директоры А.А. Барышев университет студенттері үшін дуалды оқытуды, микробіліктілік бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынды және учет.kz порталынан бейнесеминарларды көруге мүмкіндік берді.

Форумға қатысушылар университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты, студенттер робототехникалық жүйелерді көрсетті, сондай-ақ болашақ технолог-студенттер дайындаған сүт өнімдерінің дәмін татуға қонақтар мүмкіндік алды.

Форумға қатысушылар практикалық дайындықты, ғылыми тағылымдаманы сапалы ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша, "өмір бойы үздіксіз білім беру" тұжырымдамасына көшу шеңберінде жұмыс беруші кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бейресми білім беру аясында бірлескен жұмыстардың маңыздылығына назар аударды.

Рекомендовать
Последние новости
Соңғы рейс...
27 дек. 2024 12:15