Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына ресми түрде қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті басталды. Мұнда ең бірінші Беларусьті ШЫҰ-ға қабылдау мәселесі көтерілді.
"Бүгін Беларусь Республикасы ресми түрде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қабылданды. Александр Григорьевич, сізді шын жүректен құттықтаймын!" – деді Қазақстан Президенті.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары саммитте құжатқа қол қойып, Беларусь Республикасын ресми түрде қабылдады.