Бай-бағландардан қайтарылған активтер есебінен Оралда мектеп салынды

Сағыныш Сардарова 02 окт. 2025 09:37

Орал қаласында қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол 1952 жылы салынған апат жағдайындағы мектептің орнына салынды.

"Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру жағдайын жақсарту және сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді.

Жаңа ғимарат 400 оқушыға шақтап салынған.

«2025 жылы заманауи талаптарға сай, көпқабатты 400 орындық ғимарат қолданысқа берілді. Бұл оқушыларымыз бен ата-аналарымыз және ұжым үшін үлкен қуаныш. Ел Президентіне ерекше ризашылығымызды білдіреміз», - деді №8 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры Алима Саурова.
 
Жаңа мектеп замануи талаптарға сай.
«Бүгін біздер үшін өте қуанышты күн. Мектебіміздің есігі айқара ашылды. Білім ордасы замануи талаптарға сай, барлық құрал жабдықтармен қамтылған. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ата-аналардың атынан алғысымызды білдіреміз», - деді тұрғындардың бірі Анар Бурашева.

Рекомендовать
Последние новости