Аймағамбетов салық кодексіне қатысты бірқатар шикілік барын айтты

Көркем Алдабергенова 14 нояб. 2024 09:21 985

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов салық кодексіне қатысты бірқатар шикілік барын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың сөзінше, қазіргі таңда Салық кодексінің жобасы талқылауда.

"Жобада азаматтар үшін қолайсыз бірқатар нормалар бар. Өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкелетіні туралы осы нормалар бойынша қызу пікірталас өтуде", - дейді депутат.

Біріншісі - білім.

"Корпоративтік салықты енгізу жеке меншік университеттердің, мектептер мен балабақшалардың бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Кәсіпкер өз пайдасын қайтсе де сақтап қалуға тырысады, сондықтан жаңа салық енгізілсе, ол қызметтің құнын өсіру арқылы шешімін табуы әбден ықтимал".

Екіншісі - дәрі-дәрмектер.

Дәрі-дәрмектер мен олардың өндірісіне қажетті материалдарды ҚҚС (НДС) төлеуден босатылған тауарлар тізімінен алып тастау олардың қымбаттауына алып келеді. Бұл, әсіресе, тұрақты медициналық қолдауды қажет ететін азаматтарға ауыр тиеді. Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарға бұл қиындық тудыруы мүмкін.

Үшіншісі - медициналық қызметтердің қымбаттауы.

Медициналық қызметтерге ҚҚС енгізу олардың қымбаттауына алып келуі мүмкін.

"Бұл кодекс қарапайым халыққа қосымша қаржылық жүктеме әкелмеуі тиіс. Сондықтан қажетті түзетулерді ұсындық", - дейді Аймағамбетов. 


Рекомендовать
Последние новости