Ауыл бизнесін өркендету маңызды бағыт

Dalanews 19 июн. 2016 21:40 813

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несиелеу бойынша уәкілеттік ұйым ретінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және дамыту Біріңғай бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтініштерді қабылдай бастады.

Аталған бағдарлама аясында шағын кәсіпкерлікті шағын несиелеу қаржылай қолдаудың бір бағыты болып бекітілген-ді. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі аймақтық кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Ол үшін 2016 жылы республикалық бюджеттен 2 млрд. 647 млн. теңге бөлінген. Алдағы 2017-2018 жылдары да осы көлемде қаржыны игеру жоспарланып отыр. Аталған несиелеу бағдарламасы Қазақстанның барлық облыстарында жүзеге асырылады. Бөлінген қаржы моноқалалар, шағын қалалар, ауылдық елдімекендердегі шағын қаржы ұйымдарын несиелеу арқылы шағын бизнес субъектілерін шағын несиелеуге бағытталады.

– Несиелеу бағдарламасының талаптараны сәйкес, қарыздар шағын несие ұйымдарына одан әрі өз жобаларын жүзеге асырып жатқан немесе асыруды жоспарлаған кәсіпкерлерге бағытталады, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев. – Түпкі қарыз алушыларға берілетін шағын несиелердің мақсатты бағыттауы – өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналымдағы капиталды салалық шектеусіз толықтыру.

Қарыз алушы – шағын қаржы ұйымына берілетін қарыздың максималды сомасы – 350 млн. теңге, бір түпкі қарыз алушыға – 10 млн. теңгеден аспайды. ШҚҰ үшін бекітілген сыйақы үстемесі – жылдық 4%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі – 4,5% аспайды. Түпкі қарыз алушылар үшін номиналды үстеме – жылдық 12% аспайды.

ШНҰ және түпкі қарыз алушылар үшін қарыз бен шағын несиенің мерзімі – 54 айды құрайды. Айналымдағы капиталды толықтыруға бекітілген мерзім – 36 айдан ұзақ емес.

Несиелеу талаптарымен Қордың www.kazagro.kz/web/fond сайтында немесе 8-8000-80-35-05 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы танысуға болады.

Жалпы, 2006 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несие ұйымдарын қолдауға 10 млрд. 226 млн. теңге бағыттаған болатын. Бұл қаржыдан түпкі қарыз алушыларға 23 мыңға жуық шағын несие берілді. Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ШҚҰ қаржыландыру 305,6млн. теңге сомасында жоспарланған.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости