Атырауда «Шығармашылық әңгіме» атты мүсіндер композициясы ашылды

Dalanews 23 нояб. 2020 05:11 1747

Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрының алдында төрт бірдей театр тарланының ескерткіші ашылды. Мүсіндік композиция Сабира Майқанова, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және Хадиша Бөкееваға арналған, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, қазақ театр және кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімов, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шараны Бақытгүл Хаменова құттықтау сөзімен ашып, «шығармашылық әңгіме» композициясы жәй ғана ескерткіш еместігін атап өтті.

– Міне, бүгін театрдың төрт тарланына Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театырының алдынан ескерткіш ашылмақ. Бұл жай ғана сәулет өнерінің үлгісі немесе сәнді-салтанатты нысан емес, бұл – белгі. Атыраулықтардың мәдениет пен өнерге, оның өкілдеріне, аға ұрпаққа деген құрметінің белгісі, кез-келген ел үшін руханияттың маңыздылығын меңзейтін өскелең ұрпаққа деген өсиетінің белгісі, – деді облыс әкімінің орынбасары.


Ескерткіштің  лентасын Қазақстан және КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов пен «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан қиды.

Айта кетелік, «шығармашылық әңгіме» мүсіндер композициясының  авторы – сәулетші, мүсінші Гүлфия Мелдеш.



Айдын КАКИМОВ, Атырау облысы

Рекомендовать
Последние новости