Атырау облысында туу көрсеткіші 10 пайызға артқан

Dalanews 31 мар. 2022 04:39 1289

Атырау облысында туу көрсеткіші 10 пайызға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста денсаулық басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Атырау облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуда басқарма басшысы облыстық перзентхананың бүгінгі жай-күйін баяндады.

– 2020 жылмен салыстырғанда перинаталдық орталыққа жүктеменің артқаны байқалады. Мәселен, емделу көрсеткіші 11,3%-ға, босану-10,4%-ға, оның ішінде мерзімінен бұрын босану 10,3%-ға өсті, – деді ол.

Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, жалпы, соңғы 3 жылда перинаталдық орталық үшін құрал-жабдықтар сатып алуға қаржыландыру артқан. Айталық, 2021 жылы жергілікті бюджеттен 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп қаржы  бөлінген.



Сондай-ақ, басқарма басшысы заманауи көліктік кювез сатып алуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Ол жаңа туған нәрестелерді перинаталдық орталыққа жеткізу кезінде эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бердді. Көлікте өкпені жасанды желдету құралдары бар екен. 


Жиын соңында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

– Облыстық перинаталдық орталық жөндеу жұмыстары кезінде №2 облыстық ауруханасының модульдік корпусына ауыстыру мәселесі мұқият қаралсын. Облыстағы ірі стационарларда микробиологиялық зертханаларды ашу мәселесін  шешіңіздер, – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетейік, аймақ бойынша жүкті әйелдердің 53 пайызы облыстық перинаталдық орталықта босанады.



Рекомендовать
Последние новости