Ататүрік әуежайында жарылыс болып, 28 адам көз жұмды

Dalanews 28 июн. 2016 22:38 954

Стамбулдағы Ататүрік атындағы әйгілі әуежайда жарылыс болып, соңғы мәліметтер бойынша кем дегенде 28 адам қаза тапқанын қала басшысы Васип Шахин мәлімдеді.

Оның айтуынша, жарылысты үш жанкешті ұйымдастырған. Қазіргі таңда ұсын саны 60-тан асатын адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Оқиға әуежайдың халықаралық терминалында орын алғаны мәлім болып отыр. Лаңкестік әрекеттен кейін әуежайдағы халық дереу сыртқа шығарылып, нысан жұмысын тоқтатқан. Ұшақтар басқа әуежайларға қонып жатыр.

«ҚмД» ақпарат

Рекомендовать
Последние новости