Ата-ананың мектепке қандай бір көмек көрсетуі сауалнамаға енгізіліпті

Dalanews 14 сент. 2016 12:17 1432

Алматылық гимназиялардың бірінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары сауалнамадағы кейбір сұрақтарға наразылық танытып жатыр. Бұл жайында Tengrinews.kz сайты хабарлайды.

Ата-аналарының бірінің айтуынша, 12 қыркүйекте оқушыларға сауалнама толтыру міндеттелген. Cауалнамадағы соңғы сұрақтардың бірінде отбасының материалдық жағдайы жайлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мектепке қандай көмек көрсете алатыны жайлы сұрақтар кездескен. Жауап ретіндегі нұсқалардың бірінде ата-ана түрлі-түсті принтер, компьютер құрылғыларын алып бере алады деген жауап болса, бірінде ата-ана мектептен тыс шараларды ұйымдастыруға көмектесіп, көлікпен қамтамасыз ете алады деген жауаптар болған.

– Әйелім осы сауалнаманы көрсетті. Мен ондағы сұрақтарды көріп, қатты таңғалдым. Мұны қалай түсінуге болады? Мектеп басшылығы мекемені компьютермен өздері қамтамасыз етуі керек деп ойлаймын. Мен мектеп директорының бұл жайында хабары бар ма, жоқ па ол жағын білмеймін. Бұл сауалнама тек бірінші сынып оқушыларына берілген. Бұл жеке меншік мектеп емес қой. Не дегенмен мемлекеттік мекеме. Бұл сұрақтарды жасағанда мектеп басшылығы Білім басқармасындағылармен немесе министрліктегілермен ақылдасты ма деген сұрақ туады. Олар бұл туралы біле ме?, – деді сұхбаттасушы.

Сондай-ақ, ата-аналардың айтуынша, мектепте ай сайын оқушылардан ақша жинайтын қор бар екен. «Оқушы ай сайын 4 мың теңге төлеуі керек. Олардың айтуынша, жиналған қаражат мектепті жетілдіруге, жөндеу жұмыстарына және күзеттегілерге беріледі»,– деді ата-аналардың бірі.

dalanews-01

Рекомендовать
Последние новости