Астанада ЛГБТ ұйымының белсендісі ұсталды

Dalanews 22 нояб. 2025 22:30

22 қарашада Астанада полиция “Феминита” белсендісі Жанар Секербаева мен queerkz негізін қалаушы Темірлан Баймашты ұстап, қайта босатқан, деп хабарлайды Dalanews.kz Азаттық радиосына сілтеп.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше полиция қызметкерінің Секербаеваға оның үстінен арыз түскенін айтқаны көрінеді.

 

“Феминита” тобының хабарлауынша, белсенділер дәмханада шәй ішіп отырған кезде "агрессия көрсеткен арандатушылар" кіріп келген. Олар “ұсақ бұзақылық”, “күш көрсету” бойынша полицияға арыз жазған. Бұдан кейін полиция қызметкерлері Секербаева мен Баймашты Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізген.

Өткен аптада ҚР Парламент Мәжілісі ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң жобасын мақұлдаған. 


Рекомендовать
Последние новости