Астанада "Еңбек жолы" байқауына қатысуға өтініштер қабылданып жатыр

Dalanews 21 июн. 2022 14:20 683

Байқауда үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері анықталады. «Еңбек жолы» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады. 

Байқауға салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Байқау үш номинациядан тұрады:

"Үздік еңбек әулеті" – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет таңдалады;

"Өндірістің үздік жас маманы" – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмысшысы таңдалады;

"Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде 2 кезеңде өткізіледі.



"Еңбек жолына" қатысу үшін тілек білдірушілер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3)номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т. б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмысшының жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмесі/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

Бар болған жағдайда мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелерін салуға болады.

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 23 мамырдан бастап 15 шілдеге дейін жүзеге асырылады. Конкурс туралы толық ақпаратты 55-67-27, 8-700-399-66-53 ("Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ) телефондары арқылы алуға болады, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 8, 2-қабат, 211-кабинет, еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, эл. мекенжайы: d.nasyrova@astana.kz.

Рекомендовать
Последние новости