Асқар Мамин бастаған делегация Түркістан облысына келді

Dalanews 16 нояб. 2018 12:45 782

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған топ іссапармен Түркістан облысына келді.

Астанадан келген меймандармен бірге аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев шекара бойындағы «Жібек жолы» бақылап өткізу бекетінің жұмысымен танысты.

Содан кейін қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов бастаған делегациямен кездесті.

Тараптар жүктерді өңдеу уақыты мен азаматтардың шекарадан өту процесін оңтайландыру және екі ел арасындағы өзара тиімді сауда – экономикалық тауар айналымын арттыру мүмкіндігін қарастыру жайын талқылады.

Айта кету қажет, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 2 млрд. АҚШ долларын құраса, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 31,2% -ға өсті. Қазақстанның Өзбекстанға экспорттаған тауары 2017 жылы 1,3 млрд. АҚШ долларын құрап, 35%-ға ұлғайды. Ал Өзбекстаннан Қазақстанға импортталған тауарлар көлемі 735,2 млн. АҚШ долларын құрап, 25,1%-ға артты.

Мәселен, 2017 жылдың 5 айында «Жібек жолы» бақылап өткізу бекетіннен 2,4 миллионнан астам жеке тұлға арлы - бері шекара асса, биылғы жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 4,2 миллионға жуықтаған. Өткен жылы 9277 жеңіл автокөлік өткен болса, ағымдағы жылы 34915-ке жеткен. Одан бөлек, жыл басынан бері жолаушылар тасымалымен айналысатын маршрут іске қосылып, нәтижесінде 1283 автобус Қазақстан аумағына кіріп шыққан.

 

Рекомендовать
Последние новости