Ақтауда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған балалар алаңы ашылды

Dalanews 22 мар. 2022 12:15 899

Бүгін Ақтау қаласының теңіз жағалауында ерекше балаларға арналған заманауи спорт алаңы ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер қозғалысын дамытуға арналған алаңда 7 және одан жоғары жастағы мүгедек адамдар жаттыға алады. Жалпы ауданы 120 шаршы метр жаттығу алаңында 8 түрлі ойын құралдары орнатылған: әткеншектер, турниктер және тағы басқа. Жарақаттан қорғайтын арнайы төсеніш төселген.



Бұл ерекше жобаны «Мейірімді жүрек» қоғамдық жобасының еріктілері жүзеге асырды. Жаңа алаңды одан әрі күтіп ұстау үшін Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне беріледі.

Бұл ерекше жоба толығымен демеушілердің есебінен тұрғызылды. Жаттыру құралдары арнайы тапсырыспен Алматы және Ақтау қалаларында дайындалып әкелінді.  Осы орайда қала тұрғындарын, жалпыға ортақ қолданыстағы алаңды бүлдірмеуге, ұқыпты ұстауға шақырамын, деді     «Мейірімді жүрек» қоғамдық жобасының өкілі Ләззат Қалиева.

Рекомендовать
Последние новости