Америкадағы демократия: президенттер келеді, кетеді...

Dalanews 16 мая 2016 11:29 1860

25 жасында Американы тануға аттанған атақты саясаттанушы Алексис Токвильдің АҚШ туралы ой-пікірлерін бөліскенді жөн көрдік.

Оның «Америкадағы демократия» туралы кітабы АҚШ жайындағы және жалпы демократия турасындағы үздік туынды болып танылған. Америка туралы білгіңіз келсе, Токвильдің тұжырымдарына назар аудара отырыңыз.

 

maxresdefault (1)Еуропада көптеген елдердің саяси өмірі жоғарыдан басталған, кейін жоғарыдан төменге түсіп күллі қоғамды қамтыған. Америкада керісінше – алдымен қауым пайда болды, бұдан округтер, мұның соңын ала штаттар құрылды және ең соңынан барып бәрі конфедерацияға бірікті. 

...

Америкалықтар – демократияның адал жақтастары, олар демократияны тек саяси алаңда ғана емес, қоғамдық өмірде де қажетті деп санайды.

...
Америкалықтардың тарихы нөлден басталды, олар осының арқасында жетістікке жетті.

...

Америкадағы Конституциялық құрылымның өзі Үкіметтің билігін шектеп отыратын негізде жасалған. Мемлекеттік билік – өте қауіпті құрал. Оның билігі қаншалықты шектеулі болса, зорлық-зомбылық та соншалықты  аз болады.

...

Халықтың кедейлігі мен жүйедегі жемқорлық ақыр түбінде революцияға алып келеді.
...

Демократияны ту еткен мемлекеттерде әрбір жаңа буын – жаңа халық.

...

Демократияның дамуына кедергі келтіру – анықтап қараған жағдайда Құдайға қарсы шығумен тең.

...

Ескі жүйенің жұртында қалған және осы жерде әрі қарай да қала бергісі келетін елдер көп.

...

Қоғам сабырлық сақтайды. Әлбетте, бұл өзінің күшті екендігін сезгендіктен емес. Керісінше, ол өзін әлсіз әрі дәрменсіз деп есептейді. Ол «қандайда бір әрекет қылсам, өміріммен қош айтысамын» деп қорқады. Әрбір адам қоғамдық өмірдің, тұрмыстың нашарлап бара жатқанын сезеді. Бірақ, ешкім де осыны биліктің бетіне айтуға және осы арқылы жағдайды жақсартуға ұмтылмайды, себебі дәті шыдамайды. Ешкімнің бойында бұған қажетті ерік-жігер жоқ.
...

Америкаға мен тек Американы көру үшін барған жоқпын. Мен бұл елден демократияның болмысы мен мінезін іздедім. Мен демократияның қандай екенін білгім, меңгергім келді. Осы арқылы мен демократиядан нені күтуге болатынын және оның қауіптенетін тұстарын елеп-екшедім.
...

Біз ұлы демократиялық революцияның дәуірінде өмір сүрудеміз. Мұны бәрі де байқайды, бірақ көпшілігі оны әлі де болса лайықты деңгейде бағалай алмай жүр.
...

Америкада жекенің мүлкі нақты кепілдіктермен қорғалған.

...

Ақылды үкіметтің негізгі мақсаты – халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту.

Алайда ақымақ үкімет бәрін керісінше істейді, өзі қайыршының жағдайына жеткізген қоғамның ішінде қатал тәртіп орнатқысы келеді.
...

Америкада мақсатқа жетуде сізге ешкім кедергі келтірмейді. Адам өзінің ақыл-парасаты мен ерік-жігерін еш кедергісіз пайдалана алады. Ал Ресейде қоғамның күллі арман-мұраты бір адамның қолында шоғырланған.

...

Американың елдік принципі – еркіндік, ал Ресейдікі – құлдық.

...

[caption id="attachment_15728" align="alignright" width="274"]Dalanews.kz Dalanews.kz[/caption]

АҚШ президентінің билігі уақытша, шектеулі әрі тәуелді. АҚШ президенті – халықтың қолындағы құрал. Қоғам жеккөретін әрі жиіркенетін нәрсені ол да ұнатпайды. Ол қоғамның қас-қабағына қарап өмір сүреді және оның айтқанына бағынады. Заң жүзінде президент көпшілікті соңынан ертуі тиіс еді, алайда іс жүзінде оның өзі қоғамның жетегінде жүреді.

...

АҚШ-та белгілі бір қызметке сайланған шенеунік өзінен жоғары тұрған адамнан қорықпаса да, сайлаушыларынан қорқады.

...

Америка заңнамасының өзі жекенің мүддесі мен мүлкін қорғауға бағытталған. Америка заңнамашылары адамның адалдығына сенбесе де, оның әрекетін ақылына қарап бағалайды.

...

Америкада бір ғана билік бар. Бұл – халық және оның пікірі. Қоғам моральдық тұрғыдан ыдырамауы үшін, билік бір адамның қолында шоғырланбауы қажет.

...

Америкадағы дінбасылар, дін қызметшілері партиялық жұмыстарға, саяси науқандарға араласпайды.

 

Токвильдің тұжырымдарын аударған


 Думан БЫҚАЙ


Рекомендовать
Последние новости