Әлия Назарбаева: "Тегімді мақтанышпен алып жүрмін" (фото)

Dalanews 01 дек. 2019 08:09 917

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сүт кенжесі – Әлия  әкесін мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Әкесімен бірге Жаңа жыл шыршасының қасында тұрған суретін желіге жүктеген Назарбаева жылы лебізін жолдапты. 

https://www.instagram.com/p/B5gzcK0Hebh/

Елбасының қызы осыдан 28 жыл бұрын желтоқсан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде президенті болғанын еске алған.

"Әкем осынау жауапты жұмыста 29 жыл қызмет етіп, елінің мұраты мен игілігі жолында әлі де тер төгіп келеді. Мен әкемнің тегін мақтанышпен, зор құрметпен, абыроймен және жауапкершілікпен алып жүрмін. Құдайдан оның ұзақ ғұмыр сүруін тілеймін", - деген Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.



Назарбаевтың құрметіне арналған мемлекеттік мереке – Тұңғыш президент күні Қазақстанда 2012 жылдан бері тойланып келеді. 1 желтоқсан – осы күні салтанатты іс-шаралар ел көлеміне аталып өтеді.

Елбасы - Ұлт Көшбасшысы президенттік өкілеттілігін 2019 жылы 20 наурызда орнаттады, бұл ретте ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Nur Otan партиясының Төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі лауазымын сақтап қалды.

 

Рекомендовать
Последние новости