Алматылық еріктілер зейнеткердің ауласын тазартты

Ернұр РЫСБАЙ 30 апр. 2024 12:35 2914


Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акцисының “Өнегелі ұрпақ” компаниясы аясында еріктілер зейнеткердің үй ауласын тазартып, қақпасын бояды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 


Алатау ауданы, Қарасу ықшам ауданында тұратын зейнеткердің ауласын тазарту Республикалық акция аясында өткізіліп жатқан бұндай шаралардың маңызы жоғары. Қарттар біздің-қазынамыз екені анық. Сондықтан, бірнеше ерікті бас қосып бір үйдің баласындай атсалысты.

Бұндай игі іс жасау біздің зейнеткерлерге деген сыйластығымыздың белгісі. Бұндай тазалық шараларының көп болып жатқаны қуантарлық. Біз әрдайым қарттарға көмектесуге дайынбыз. Әрі бұны, азаматтық парызымыз деп ойлаймын. Сондықтан, барлығымыз бір жұдырықтай жұмылғанымыз дұрыс,- деді зейнеткердің ауласын тазалауға келген Кенесжан Омарханұлы Алматы қаласы жұмыспен қамту бағдарламалар басқармасының “Қамқор” әлеуметтік орталығының шарушалық меңгерушісі.

Зейнеткер өзіне келіп көмектесіп жатқан ерікті жандарға алғысын білдірді.
- Көптен бері тазалауға шамам болмай жүрген. Ауламды тазлауға келген мейрімді жандарға алғысым шексіз. Барлығы белсене атсалысып жатқанына өте қуаныштымын. Әрдайым, осылай жақсылық жасап жарысып жүрейік,- деді зейнеткер П.Кербс.


Рекомендовать
Последние новости