Алматылық дінтанушы: «Исламда адам өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ. Вакцина Исламға қайшы емес»

Dalanews 24 авг. 2021 13:55 1162

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, философия ғылымдарының докторы Гүлнар Жұманова баяндама жасады. Ол вакциналану туралы айтылатын арнайы исламдық пәтуа туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Гүлнар Жұманова қазіргі теология барлық өзекті мәселелерге, соның ішінде денсаулық сақтау мен вакциналануға қатысты сұрақтарға жауап береді деп есептейді.

– 20 276 пәтуасы бар – Сауд шейхы Абдуль-Азиз Ибн Бааздың иммундау мен вакциналану туралы қаулысы. Жалпы, мағынасы вакциналану – бұл аурулардан қорғанудың бір түрі. Сондықтан дерттің немесе кез-келген эпидемияның алдын алудың пайдасы зор, – деп түсіндірді дінтанушы.

Гүлнар Жұманованың пікірінше, шариғат ережелерінің бірі – қауіптің алдын алу қажет. Сондықтан иммундауды жүргізген жөн, өйткені вакциналанудың зияннан да пайдасы көп. Демек, екпе салдыру өте қажет.

Дінтанушы БАӘ, Түркия, Малайзия сияқты мұсылман елдерінде коронавирусқа қарсы вакцина улема пәтуасының рұқсатымен жүргізілетінін атап өтті.

Мысалы, Сауд Арабиясы вакцинациямен қамту бойынша әлемдегі ең жоғары елдердің бірі болып табылады және осы ел үкіметінің өтініші бойынша Меккеге қажылыққа қатысушылардың барлығына COVID-19 вакцинасы міндетті болып табылады.

– Біздің елімізде көп жылдар бойы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуасы қолданыста болуда. Оның өкілдері Исламда адам өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ, сондықтан әркім өз денсаулығына ерекше назар аударуы керек. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195 -аятында: «Өз қолыңмен өлімге ұшырама» дейді. Аллаһ Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, Алла қандай ауруды жіберсе де, шындығында, емін де бірге  жіберді, – деді дінтанушы.

Гүлнар. Жұманова «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» дегенді баса айтты. Сондықтан әр адам дертті емдеу мен оның алдын алу жолдары туралы ойлануы тиіс.

– Шариғат заңы вакцинаға рұқсат береді. Біздің елде және әлемде эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, иммундау шұғыл түрде қажет. Сондықтан ҚМБД тұрғындарды денсаулықтары мен өмірлерін сақтап қалу үшін вакциналануға шақырады. Исламда, басқа діндердегідей, мәселенің мәнін түсіну үшін мамандарға жүгіну әдетке айналған. Ислам діні медицинаға үнемі қолдау білдіреді. Алла Тағала өмір сүру мен денсаулықты бағалауды және қорғауды бұйырды, әрекетсіз қалмай және Алланың қалауына сену керек. Алланың қалауы – адамдардың денінің сау болуы, ал басты әрекет – екпе салдыру. Сонда ғана өзіміз де, еліміз де қауіпсіз болады, – деді  Г. Жұманова.

Дінтанушы дін мәселесінде адамдар арасында вакциналау тақырыбына қатысты ешқандай алалаушылық болмауы тиіс деп санайды.

Рекомендовать
Последние новости