Алматыда 9-10 балл жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Маман пікірі

Көркем Алдабергенова 14 мар. 2024 11:59 2430

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітова Қазқстанда 12 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін деген қауесеттерге жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елизавета Есенжігітованың сөзінше, Алматы - ең қауіпті аймақ.

"12 балл емес, 9-10 балл жер сілкінісі болуы мүмкін деген зерттеу нәтижесі бар.

Себебі Алматы қаласында бұрын да ірі жер сілкіністері болған. Алматы ол кезде Верный деп аталған. Бүкіл қала қирап, адам шығыны болды. Магнитудасы 7,2 болды. 1911 жылы Қырғызстанмен шекарада магнитудасы 8,2 Кемен жер сілкінісі болып, катастрофалық жер сілкінісіне жатқызылды. Сол кездері Алматы қаласы түгел қираған", - дейді Елизавета Есенжігітова "Жетісу" телеарнасына берген сұхбатында.

Оның сөзінше, зерттеулерге сәйкес, осы жер сілкінісінің ошақтары қандай да бір уақыт аралығында қайталану мүмкіндігі бар деген болжам бар.

"Бірақ соңғы кездері әртүрлі ғалымдар қайталану аралығы 100-120 жыл дейді. Кейбір елдерде 150 жылда қайталану аралығы бар", - дейді спикер.

Айта кетейік, 4 наурызда Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болған еді.

 


Рекомендовать
Последние новости