Алматы әкімі күзде 300 мың түп ағаш отырғызылатынын айтты

Dalanews 19 авг. 2021 07:23 1384

«Алматы» ТА-ның Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде Бақытжан Сағынтаев алдағы күзгі ағаш отырғызу маусымы туралы ақпарат беріп, 300 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланғаныy айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалада ағаштарды жаппай отырғызу елді мекендердің бойына, негізінен Наурызбай мен Алатау аудандарындағы Алғабас, Шұғыла және тағы басқа тұрғын кешендерінің айналасына отырғызу көзделінуде.

Сонымен қатар, магистральды көшелердің – Рысқұлов, Абай, әл-Фараби даңғылдарының, Тимирязев көшесінің бойына отырғызылады. Тротуарлардың, бөлу жолақтарының бойына. Ағаш жоқ жерлерге және магистральді көшедердегі үңгілеу жұмыстары аяқталған – Абай даңғылы, Алатау көшесінің бойына.

Үй жанындағы аулаларды көгалдандыру үшін тұрғындармен дәстүрлі «Жасыл аула» акциясы өтеді. Барлығы 300 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Айта кетерлігі, көктемде 64,5 мың ағаш отырғызылды.

Биыл тамыр жаюы төмен әрі ауруға бейім болуына байланысты қала жөке ағашы, сәнағаш, боз аршадан бас тартады. Аудандастырылған ағаштарға басымдық беріледі, оның ішінде «Қазақстан» терегі мен қарағашқа.

Қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, әкім «Жасыл Алматы» акциясы аясында Сосновый борда 5,5 мың қарағай отырғызылғанын айтты. «Табиғат» ЭЫҰ қорының бастамашыл тобы саябақ аумағына 350 қарағай мен 500 алма ағашын отырғызды.

Жасыл желекті күту үшін скважина жасалды,суару жүйесі тартылды. Ағаштардың 80%-ы автоматты жүйенің арқасында суарылады.

«Жасыл Алматы» акциясы аясында «Сосновый» скверінде, «Западное» зиратының бойына, Б. Момышұлы көшесінің бойына 176 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.

Қарағай орманға қарсы қайың тоғайы отырғызылды, онда 2,5 мың ағаш бар. Археологтармен келісім бойынша Сақ қорғаны айналасына 2 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Боралдай мен Зерделі шағын аудандарында жаңа саябақтар салынуда.

Рекомендовать
Последние новости