Әлеуметтік жобаларды қолдау: ҮЕҰ үшін сыйлықақы байқауы жалғасуда

Ақтоты Жапатова 15 авг. 2025 11:07

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.

Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсету.

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.

Техникалық ақаулардың орын алуына байланысты өтінімді жаңадан құрылған premiya2025@cisc.kz  электрондық мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз.

Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша білуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17.


Рекомендовать
Последние новости