Алакөлді дамытуға миллиард теңге бөлінді: әкімдік не деп уәде берді?

Сағыныш Сардарова 11 нояб. 2025 15:59

Алакөлді дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр. Бұл туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шенеуніктің айтуынша, Алакөл жағалауында демалушылар үшін қолайлы жағдай жасап, оның инфрақұрылымын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданған. Биыл жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, көл жағалауындағы Қабанбай ауылында құтқару станциясы және өрт сөндіру депосының құрылысы басталған. Сондай-ақ, жаңа электр желісін тарту, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

"Жобаларды жүйелі түрде және сапалы іске асыру үшін көл жағалауының жаңа бас жоспарының жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ауданы 1000 гектардан асатын демалыс және туризм аймақтарын қалыптастыру, қоғамдық және тұрғын аумақтарды дамыту көзделген", - деді Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, жобаны іске асырудың нәтижесінде Қабанбай ауылының аумағы мен көл жағалауын біріктіріп, игерілген жер көлемін 3 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған.

"Болашақта бұл Алакөлді өңірдің жетекші туристік орталықтарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді", - деді әкім.


Рекомендовать
Последние новости