Абай облысында көмір жеткізу кестеге сай жүзеге асуда

Dalanews 13 сент. 2023 02:49 1341

Абай облысында халық пен әлеуметтік нысандарды қысқа қажетті көмірмен қамтамасыз ету ісі әкімдіктің ерекше бақылауда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, алдағы жылыту маусымына облыстың көмірге деген жалпы сұранысы 1,245 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде халыққа – 567,9 мың тонна, орталықтандырылған жылу көздеріне – 595,4 мың тонна, бюджеттік ұйымдарға – 84,5 мың тонна көмір қажет.

Өңірдің коммуналдық секторын көмірмен уақтылы қамтамасыз ету үшін «Қаражыра» АҚ және Қазақстан темір жолы компаниясымен бірлесіп, көмір шахталарынан көмірді уақытылы тиеу үшін вагондарды жеткізу кестесі әзірленген.

Бүгінгі таңда облыстың теміржол тұйықтарында 13,3 мың тонна көмір бар, оның ішінде Семейде – 9 мың тонна, Аягөз ауданында – 3,4 мың тонна, Жарма ауданында – 200 тонна, Бородулиха ауданында – 660 тонна.


– Көмір саудасындағы кезектер мен бағаны қолдан көтеруге жол бермеу үшін тұрғындардан күн суығанша көмір сатып алуларын сұраймыз. Бұл ретте көмірді саудалау ісі бәсекелестік ортаның құзырында екенін ұмытпауымыз керек. Онда тауарлардың бағасын реттеу мен бақылауды осы саладағы уәкілетті орган жүзеге асырады, – деді Абай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алтынбек Әділбеков.

Әкімдік қазіргі таңда көмір келіп түсетін теміржол тұйықтарында дүрлігіс жоқ екенін алға тартты. Көмір жеткізу сұраныс пен жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 

Рекомендовать
Последние новости