“7-20-25” бағдарламасы: Қазақстан сарбаздарына жеңілдік жасалады

Қаракөз Амантай 13 нояб. 2024 10:26 1419

Заңнамалық өзгерістерге сәйкес, 2024 жылдың 30 қазанынан бастап "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы аясында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға негізгі қарыз және несие сыйақысы бойынша төлемдерге әскери қызмет мерзімінде және оның аяқталғаннан кейінгі 60 күнге дейін шегеру берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеп.

Сонымен қатар бұл кезеңде несие сыйақысы есептелмейді.

Кредиттік шегеру "7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері арқылы автоматты түрде беріледі. Сарбаздарға банкке өтініш берудің қажеті жоқ.

"7-20-25" бағдарламасының 2025 жылғы қаржыландыру көлемі өзгеріссіз қалады – 100 млрд теңгеге дейін. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап бағдарламада жыл сайынғы 100 млрд теңге көлеміндегі кредиттеу лимиті бекітілген болады.

Бағдарламаның операторы – "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. «7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: Freedom Банк Қазақстан, ЦентрКредит Банкі, Halyk Bank, RBK Bank, Altyn Bank, Еуразиялық банк, Fortebank.


Рекомендовать
Последние новости