"Алтын Орда" базары қырғыздардың қолына өтіп кетті - қазақ кәсіпкерлері

Dalanews 26 сәу. 2022 17:01 318

“Алтын Орда” базарында 800 астам қазақ кәсіпкерлер қырғыздардың рейдерлік әрекеттен зардап шегіп отыр.

Салынып жатқан сауда кешеніне алдын ала төлеген қаражаттарына қарамастан саудагерлер далада қалуы мүмкін.

20 гектар жерді алып жатқан базарды 2022 жылдың 20- сәуірде жаңа қожайын өздерінің атына рейдерлік әрекет арқылы күшпен рәсімдеп алған. 2007 жылдан бастап базардың заңды иесі ретінде "Құрылыс LTD" ЖШС танылған.

Ал базардың ісін "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС келісім шарт негізінде жүргізген. Модернизациялау, яғни саудагерлерге жылы әрі ыңғайлы сауда орындарын жасау мақсатында қос компания бірігіп жұмыс істеген.

Инвестор ретінде "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС бұған дейін 80 адамға арналған ет бордақылау ғимаратын, 400 кәсіпкерге арналған құны 1,2 миллиард теңге тұратын сауда кешенін салған.

2020 жылдан бастап екі қабатты, 30 мың шаршы метрлік сауда орталығының құрылысы басталған. Ғимараттардан орын алу үшін 800 кәсіпкер бірігіп 4 млрд. теңге қаражатқа "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС арқылы құрылысқа ақша салған. Бүгінгі таңда "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС бастаған құрылыстың 95%-ы бітіп тұр.

19 –сәуірде тексеруді тоқтату туралы Бас прокуратураның қаулысы шығады. 20-сәуір күні базардың жаңа қожайыны "90-жылғы" әрекеттерді пайдалана отырып «Құрылыс LTD» ЖШС директорының сенімхаты бар Камила Түгелбаева есімді заңгер әйелді қорқытып, үркіту арқылы құжаттарды Данияр Әлпиевке рейдерлік жолмен тартып алды.



Яғни, заңсыз, тікелей Қырғызстанның бандиттері арқылы базарды Әлпиев тартып алды. Ал базарды жүргізіп келген "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС күшпен қуып шықты.90 пайызы бітуге айналған сауда кешенін ақшасын төлеп қойған кәсіпкерлерге ғимараттан орын бермейміз деп жатыр. Бұл таза рейдерлік әрекет.

Базарды алғаш рет 2000 жылдары Алтынбек Әлпиев достарымен бірігіп ашқан. Базарды 2007 жылға дейін сол басқарған. Алтынбек Әлпиевті қасақана өлтіріп, серіктес достары базарды сатып жіберген.

Данияр Әлпиев - Қырғызстанның тумасы, оның әкесі Алтынбек Әлпиев. 2019 жылы Данияр Әлпиев банк ісіндегі қылымысы үшін «алаяқтық» бабы бойынша 3 жыл 9 ай мерізімне шартты түрде бас бостандығынан айырылған қылмыскер екені белгілі.



Жақында Данияр Әлпиев видео үндеу арқылы Президенттен де көмек сұрап отыр. Бірақ ол шындығында мүлкінен айырылып қалған адам емес. Қазір базар қырғыздардың қолына көшті. Халық ашулы.

Ал, 30 мың шаршы метр сауда кешенінің өздеріне берілмейтінін естіген халық митингіге шықпақ та болған. Мәселе шешілмегендіткен "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС өкілдері мен саудагерлер 26-сәуір күні сағат 11:00 Алтын Орда базарының алдында БАҚ арқылы қоғамнан, биліктен әділдік сұрайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x