Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы пысықталды

Dalanews 12 нау. 2022 11:51 208

Бүгін Қаржы министрі Е. Жамаубаев Түркістан облысында болып, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы кеден бекеттерінің жұмысын тексерді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сапар барысында Министр сыртқы экономикалық қызмет және кеден маңы саласының қатысушыларымен кездесіп, сыртқы сауда қызметін дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Өз сөзінде Министр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда айналымының қарқынды өсуін, сондай-ақ Өзбекстаннан ЕАЭО елдеріне тауарлар транзиті көлемінің ұлғаюын атап өтті.

Анықтама: шекарадағы көлік ағыны соңғы 7 жылда тұрақты өсіп, 10 есеге ұлғайды.

2021 жылғы тауар айналымының көлемі 3,8 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 18%-ға артық.

Мемлекеттер алдында өзара сауда деңгейін 10 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту мақсаты тұр.

Министр өңірдің транзиттік-көліктік әлеуеті тауарлар өткізу процестерін жеделдетуге бағытталғанын және екі мемлекеттің стратегиялық ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Қаржы министрі Мемлекет басшысының кедендік әкімшілендіруді жақсарту және бюджетке қосымша кедендік төлемдер мен салықтарды ұлғайту бойынша міндет қойғанын атап өтті.

Жаңа Қазақстан халықтың өмір сүру сапасын түбегейлі жақсартуды және ұлттық табысты дұрыс бөлуді талап етеді. Осыған байланысты кеден жұмысындағы бизнес-процестерді жақсарту бойынша нақты шаралар қабылданатын болады.

Жалпы, ол мемлекет сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес-орта құрып жатқанын атап өтті. Кедендік инфрақұрылым кезең-кезеңімен жетілдірілуде, өткізу пункттері жаңғыртылуда және бақылау рәсімдері мен шараларын орташа цифрландыру жүзеге асырылуда.

2021 жылдың сәуір айында «Б.Қонысбаев» атындағы жаңғыртылған өткізу пункті пайдалануға берілді. 2024 жылдың соңына дейін «Қапланбек», «Қазығұрт» және «Атамекен» өткізу пункттерін жаңғырту жоспарлануда.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x