2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 24,8 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

Dalanews 23 ақп. 2022 12:04 252

2021 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында 782 тексеру жүргізілді, оның қорытындысының нәтижесінде 24,8 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға қатысты болды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері  Агенттігінің Төрағасы  Дархан Жазықбаев кеңейтілген Алқа отырысында айтты.

Төрағаның сөзінше тексеріс нәтижесінде 229 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты халықтан барлығы 1716 өтініш келіп түсті, соның негізінде 359 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында 163 өтініш берушінің айтқандары расталды, 88,9% (145) жағдайда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді», деді агенттік басшысы.

Агенттік жанынан Мемлекеттік қызмет көрсету саласында құрамына Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғам мүшелері кіретін Консультативтік-сараптамалық топ құрылған. Өткен жылы топтың 3 отырысы өтіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленген.

«Мемлекеттік қызмет сапасын қоғамдық бағалауға тоқталар болсақ, 2021 жылы Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг «электрондық үкімет» порталы арқылы, онлайн форматта да жүргізілді. Мониторинг 23 мыңнан астам респонденттің қатысуымен 95 мемлекеттік қызметті қамтыды. Нәтижесінде, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 75,4%-ды құрады», - дейді Д.Жазықбаев.

Бұл объективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндіктен, ағымдағы жылы Агенттік бұл жұмысты жалғастыратын болады. Болашақта қызметтер сапасын бағалауды онлайн форматқа кезең-кезеңмен көшірілмек.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x