2025 жылға дейін ШҚО мектептері жанынан үш мыңнан астам спорт секциялары ұйымдастырылады

Dalanews 14 желт. 2021 16:51 245

2025 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысында үш мыңнан астам спорт секциялары ашылады. Мұндай ауқымды жүзеге асыру үшін жастардың спортқа баулитын жаттықтырушылар керек екені белгілі. Ал жаттықтырушыларды дайындау ісі алдағы жылдан бастап жүзеге асырылатын болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл Шығыс Қазақстан облысындағы бұқаралық спорттың дамытуға маңызды қадам болайын деп тұр. Алдығы жылдан бастап ШҚО әкімдігінің қолдауымен өңір үшін маңызды спорттың түрлері бойынша жаттықтырушылардың дайындау ісі қарқын алатын болады. Осы ретте білікті жаттықтырушыларды дайындау ісіне халықаралық деңгейдегі консултанттарды тарту да жоспарда бар екенін айта кетуіміз керек.

Қазіргі таңда ШҚО аумағында 22 мыңнан астам оқуышлар 1300 астам спорттық үйірмелерге қатысады. Ойға алған жоспар толықтай іске асқан жағдайда облыс аумағындағы орта мектептердің базасында 3 213 спорт секциялары ұйымдастырылым ондаған мың шығысқазақстандың жас жеткіншектер спортпен кәсіби түрде айналысу мүмкіндігіне ие болады.

2020 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы алты спорт нысаны, төрт денешынықтыру-сауықтыру орталықтары мен екі бассейін пайдалануға берілген болатын. Ал 2021 жылы 11 спорттық нысанның пайдалануға берілді. Осы нысандардың базасында да оқуышларды спортқа баулитын жүздеген спорт секциялары ұйымдастырылатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x