Cоңғы жаңалықтар
Back

Ордабасыда ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Мемлекетпен жүргізілген стратегиялық бағыттың нәтижесінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамуда. Бұл салаға тартылған инвестиция көлемі де артып келеді. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында ауылшаруашылық саласында ауқымды жобалар атқарылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Темірлан ауылының іргесіндегі қарқынды алма және жеміс-жидек дақылын отырғызумен айналысатын «Казгарден» бау шаруашылығының жеміс алқабы 60 гектардан асады.

Аграрлық сала – аудан экономикасының қозғаушы күші. Сондықтан аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың тарапынан ауыл шаруашылық саласындағы жаңа жобаларға, ауданға инвестиция салған жеке кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілуде.

Бүгінде аталған шаруашылық 11 гектарға қарқынды алма, 49 гектар алқапқа сүйекті жеміс дақылдарын отырғызған. Жобаның инвестициялық құны 450 миллион теңгені құрайды. Мұнан бөлек, жеке кәсіпкер бау-бақша аумағын кеңейтіп, 2 миллиард теңгеге 240 гектарға бау отырғызуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда онда 60 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылған.

Бөржар ауылдық округіне қарасты «BalKausar» бау шаруашылығында жүзімнің элиталық асханалық сорты өсіріледі. Жаңа технологияны қолдану арқылы қысқа уақыт ішінде мол өнім алуды көздейтін шаруашылық әзірге 10 гектар алқапқа асханалық жүзім сортын жерсіндірген. Былтыр қыркүйек айында егілген жүзім көшеттері өсіп, жеміс берген жағдайда жылына 250 тонна өнім алынады деп жоспарлануда.

Тағы оқыңыз:

Түркістан облысында су тапшылығы қалай шешіледі?