«Қайнар-АКБ» ұжымы Елбасының сауығып кетуіне тілектес екендерін жеткізді

Dalanews 18 мау. 2020 15:37 240

Бүгін «Қайнар-АКБ» ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы Қуаныш Ажмағанбетов бастаған ұжым мүшедері Нұрсұлтан Әбішұлына  жылы лебіздерін жеткізіп, Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі. 

Кәсіпорын басшысы өз сөзінде «Жер әлемге сынақ келді десек артық айтқандық емес шығар. Дерт бір мезетте бірнеше адамды құрығына байлады. Олар біреудің баласы, бірінің бауыры, енді біреуі отбасының тірегі. Ел арасында осылай қамығып жүргенде бүгін Тұңғыш Президет коронавирус инфекциясын жұқтырды деген хабар тарады. Қиын әрине. Бірақ біз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерік-жігеріне, қажыр-қайратының мықтылығына сенеміз. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің тез сауығып кетуіңізге шын жүректен тілектеспіз. Жетісулықтар сізбен бірге!» деп ізгі ниетін білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x