Тоқаев: «Қордайдағы қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады»

Dalanews 08 ақп. 2020 04:00 195

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

– Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.


Бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x