Үржар, Күршім және Тарбағатай ауданына газ тартылады

Dalanews 07 там. 2019 13:30 200

Зайсанға жақын үш ауданға орталықтандырылған газ жүйесі тартылады. 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, Үржар, Күршім және Тарбағатай ауданын газбен қамту үшін автомоттандырылған газтаратушы бекеттер мен магистрал тораптардың құрылысы басталады.

Барлығы 20 мыңдай үй қамтылады.


Аталған аудандардың ішінде Тарбағатайдың үлесі көп. Онда 24 ауыл (35 мың адам) газбен қамтылады. Соның ішінде Тұғыл, Қабанбай, Ақжар, Жаңатілеу, Ақсуат, Қарасу, Ақмектеп, Шолақорда сынды сегіз елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажет бюджеттік өтінім облыстық комиссияның қарауында жатыр.

Ал Күршім мен Үржар аудандарының 14-14-тен – барлығы 28 ауылына көгілдір отын барады.


– Сарыбұлақтағы (Зайсан ауданы) газ қоры қанша екенін нақты айта алмаймыз, шамамен, 5,5 миллиард текшеметр, – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Алма Қайрақанова. – Қазақстан мен Қытай арасында осы жерде өндірілген газдың жартысы ел нарығында пайдаланылатыны туралы келісім шарт жасалған болатын талай жыл бұрын. Ал оның екінші жартысы Қытайға өтеді.

Дереккөз: altaynews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x