Назеркенің ата-анасы: "Қызым, егер осы хабарландыруды оқып отырсаң, үйіңе орал..."

Dalanews 18 шіл. 2017 04:41 273

Әріп Назерке Дарханқызын іздестіру әлі жалғасуда. Қыз әлі табылдмады. Назеркенің туыстарының айтуынша, іздеу жұмыстарына жұмылдырылған құқық қорғау органдары жұмысын нашар істейді. Іздестіруге бөлінген адам саны өте аз, олар толыққанды жұмыс істей алмайды. Полиция ешбір бастамашылдық танытып отырған жоқ және уақыт пен күшін де үнемдеп жұмсауда.

Назеркенің ата-анасы қауымдастықтан және барлық жанашыр халықтан барынша көмек көрсетіп, қыздарын табуға ат салысуды сұрайды. Егер сізде Назерке туралы қандай-да бір ақпарат болса, төмендегі номерлерге хабарласуыңызды сұраймыз. Сыбағаңыз дайын. Хабар берген адам туралы ақпарат құпияда сақталатын болады.



Назеркенің ата-анасы ешкімді қудаламайтынына кепілдік бере отырып: «Егер сіз біздің қызымызды ұстап отырсаңыз, қомақты сыйлыққа қайтаруыңызды сұраймыз. Біз ешкімді қудаламаймыз. Біз үшін қызымыздың үйге оралғаны ғана қажет. Қызым, Назерке, егер осы хабарландыруды оқып отырсаң, үйге қайта ғой. Сен бізге өте қажетсің, біз сені жақсы көреміз, біз - сенің ата-анаң мен бауырларың өзіңді асыға күтудеміз», - дейді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Әріп Назерке Дарханқызы, 22.06.1999 жылы туған, 2017 жылы 10 шілдеде сағат 13:40-та Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында үйден шығып кеткен, әлі күнге дейін оралмады. Бойы 162 см, салмағы 55 кг. Шашы қара ұзын. Үстінде ұзын қара көйлегі болған.



Телефон номері бойынша іздестерген кезде оның ұялы телефоны 10.07.17 ж. Гурилев-Тәтібеков-Рысқұлов-Айша бибі көшелерінде анықталды.

Кез келген ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз:

87027516977

87754820550

87753655301.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x