Америкалықтар асырап алған бала: «Қазақ екенімді сезіну қандай бақыт!»

Dalanews 18 шіл. 2017 04:07 251

Осыдан 15-20 жыл бұрын қазақ балаларын жаппай америкалық отбасылардың асырап алғаны белгілі. Осылайша қаракөз қазақ балалары топ-тобымен мұхит асқан болатын. Сондай балалардың бірі Луис-Азамат Альбертини кіндік қаны тамған жерді көзбен көріп қайтамын деп Қазақстанға келіпті. Бұл туралы “Қазақстан” арнасындағы “Бүгін жексенбі” бағдарламасында айтылды.

Ол өзін алып кеткен сәт есімде жоқ, себебі өте кішкентай болдым дейді. Десе де қайда жүрсе де есінен Қазақстан шықпапты.

“Әр адамның ішкі түйсігі болады ғой, менің де ішкі түйсігім ылғи өз отанымды аңсатып тұратын. Менің төлқұжатымда Кеңес Одағында туған деп жазылатын. Бірақ, мен отанымның Қазақ жері екенін білдім, сағындым”, – дейді ол.

Оған ата-анасы да ұлтының қазақ екенін ұдайы айтып отырыпты.
“Бірде мен “Болашақ” бағдарламасымен оқуға келген Жанат есімді жігітпен танысып қалдым. Ол маған ә дегеннен “сен қазаққа ұқсайсың” деді. Сол кезде менің қуанғаным соншалық өмірімде алғаш рет өзімнің қазақ екенімді сезіндім”, – дейді ол.

 

Дереккөзі: stan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x