Жастарға арнап жатақхана салынбайды

Dalanews 20 мам. 2017 01:21 263

Перуашевтің идеясы іске аспайтын болды! Үкімет депутаттың жастарға арнап жаппай жатақхана салу жөніндегі ұсынысын қабылдамай қойды. Өйткені, асхана мен әжетханасы ортақ баспаналардың кемшілігі көп дейді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев. Бұл жайында КТК арнасы хабарлады.  

Ең алдымен жатақханада тазалық сақталмайды және тұрғындар саны көп болғандықтан тыныштық бұзылады екен. Оның үстіне бұл бюджет үшін де артық шығын делінген премьердің жауабында.

Естеріңізге салсақ, мәжілісмен Азат Перуашев қалаларда үйсіз қаңғып жүрген ауыл жастарына асханасы мен әжетханасы ортақ бір бөлмелі жатақханалар салуды ұсынам деп дауға қалған болатын.

Бірақ айтқанынан танбай отырған депутаттың ойынша, бұндай баспаналардың шаршы метрі аз. Сондықтан, ондай пәтерлерді сатып алу 40 пайызға арзанға түсетін көрінеді.

 

Автор: Жәудір Оразхан

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x