Мектептер жаңа өзгеріске дайын ба?

Dalanews 08 ақп. 2017 01:14 329

Еліміздегі мектептерде жаңа талап енгізілмек. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев алдағы уақытта Қазақстандағы барлық мектепте әр оқушының жеке шкафы пайда болатынын айтты. Министрдің бастама оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдетуге бағытталғанын естеріңізге саламыз.
Министр оқулықтарды, мектепте ауыстыратын аяқ киім мен спорттық жабдықтарды сақтау үшін шкаф орнату әлемдік тәжірибеде бар екенін ескеріпті. Еліміздің кейбір мектептерінде де ата-аналар бастамасымен енген бұл жүйені ұзақ уақыт бойы арнайы мамандар да талқылап, әбден зерттепті.
Білім саласындағы өзгеріс мұнымен шектелмейді. Тіпті алдағы уақытта оқушыларға кейбір пән бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін. Сөйтіп, министрлік үйге берілетін тапсырманың уақытын 60 минутқа дейін қысқартуды көздейді. Ал әр оқушыға жеке шкаф орнату мәселесі бастауыш сыныптардан басталады. Шкаф орнату мәселесі жергілікті атқарушы органдардың қаржысы жұмсалмақшы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x