Жазира Жаппарқұл ата-баба рухына арнап ас берді

Dalanews 27 там. 2016 04:51 315

Барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған күміс қызымыз Жазира Жаппарқұл кеше туған-туыстарын жиып, ата-баба рухына бағыштап ас берді. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

#dalanews zhazira_zhaparkulova 02Асқа жиылған  қауым Қазақстанның көк байрағын көкке желбіреткен, зілтемір көтеруден Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған тұңғыш қазақ қызы Жазираны жеңісімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекеде бдан да биік белестерді бағындырып, Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарында алтын жүлдені иеленуге тілектестігін білдірді.

Жиын соңында «Рәтәй қажы» мешітінің имамы П.Ізбасханов әруақтарға  құран бағыштап,  ақ батасын берді.

#dalanews zhazira_zhaparkulova 01

Дереккөзі: kaz.caravan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар