Астанада бір бойдаққа сегіз әйелден келеді

Dalanews 15 шіл. 2016 04:51 310

Астанадағы алғашқы неке агенттігінің қожайыны қалада бір бойдақ ер адамға басы бос сегіз әйелден келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Gimeney» неке агенттігінің қожайыны Татьяна Логвиненко бүгінгі брифингте елордада бір бойдақ ер адамға сегіз әйелден келетінін хабарлады.

«Егер жалпы санды алып қарайтын болсақ, әйелдер еркектерден аса көп емес. Алайда ер адамдарды жеке қарастырсақ, үйленгендерді, ішкілікке немесе есірткіге салынғандарды, жыныстық ауытқушылығы барлар мен түрмеде отырғандарды есептен шығарып тастауға тура келеді» - деп түсіндірді Татьяна Логвиненко.

Оның айтуынша, неке агенттігіне қызмет қуып, уақытында тұрмыс құрмаған әйелдер жиі жүгінеді екен. Киленттердің жасы 32-ден басталады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x