«Даму» Қоры Парламентте есеп берді

Dalanews 16 мау. 2016 06:51 306

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин мәжілістің есеп комитетінің алдында есеп берді. Төраға 2011-2015 жылдар аралығында «Даму» Қорының 134 млрд теңге тартқанын атап айтты. Ал 2016-2018 жылдарда қаржылық институт тағы 252 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр.

- «Бүгінгі күні инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған ұзақ мерзімді қаржыландыруда өтімділік жоқтығыб айқалып отыр. Қазір біз Азия даму банкі, ЕҚЖБ, Дүниежүзілік даму банкі секілді халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.

Қаныш Тулеушин «Бизнестің жол картасы – 2020» біріңғай бағдарламасының бағыттары туралы жеке-жеке тоқталды. Жинақтап айтар болсақ, Біріңғай бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлер 5,1 трлн теңгенің өнімін шығарды. 428 млрд. теңгенің салығын төледі. 216  мың жұмыс орны сақталды. Кәсіпорындар 67,4 мың жаңа жұмыс орындарын ашты.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x