Қазақ актері түскен фильм Қытайда билет сатылымы бойынша рекорд орнатты

Dalanews 12 қаң. 2017 14:08 273

Қазақ актері түскен фильм Қытайда билет сатылымы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы "Қазақпарат" Қытай сайттарына сілтеме жасап мәлімдеді.  Қытайда қазақ актері басты рөлдердің бірін сомдаған «Ержүрек аспан сардары» фильмі прокатқа шыққан бірінші күні 19 миллион доллар қаржы жинаған. Бұл тіпті атақты Джеки Чан киноларының алғашқы күнгі көрсетілімінде сатылған билет бағасынан асып түсті, деп хабарлайды kazakh.people.com.cn.

Қытай көрермендерінің назарын аударып, тәнті еткен «Ержүрек аспан сардары» фильмі Қытай киноиндустриясындағы биылғы жылдың табысты жобаларының бірі болды.

Қытайда тұратын қандасымыз Мұхтар Тілеуғазыұлы «Ержүрек аспан сардары» фильмінде Байрұң тайпасынан шыққан батыр рөлін тамаша сомдап шығады.  Жібек жолы бойындағы тарихи оқиғаны баян еткен фильм тартымдылығымен көрерменді баураған. Осылайша, бұл туынды Қытай кино тарихында алғашқы күнгі билеттер сатылымы бойынша рекорд  жаңартты.

 

 

Қазақ актері түскен фильм Қытайда билет сатылымы бойынша рекорд орнатты

Мұхтар Тілеуғазыұлы - Қытайдың Іле қазақ автономиялық облысы, Күнес ауданының тумасы. Ол  Қытайдың ең әйгілі режиссерлерінің туындыларында беделді рөлдерде ойнап, көрерменнің көңілінен шығып жүр. Қазіргі күні Қытайдың патшалары мен батырларының рөлін сомдаушылар арасында жоғары сұранысқа ие актерлердің бірі. Негізінен тарихи фильмдерге түседі. Оның жұлдызын жарқыратқан туынды - Қытайдың Лу Чан есімді белгілі режиссерінің «Патшаның қонағасы» фильмі болды. Бұл тарихи фильмде Мұхтар Батыс Хан патшалығын құруға еңбек сіңірген атақты сардар Фан Куәйдің рөлінде ойнайды. Көрерменге өзінің батыр келбетімен, әртістік талантымен ұнайды.

 

Қазақ актері түскен фильм Қытайда билет сатылымы бойынша рекорд орнатты

Актер 2013 жылы «Яң Гуйфи» (Яң Гуйфи - Қытай тарихындағы ең атақты төрт арудың бірі болған) фильмінде Ан Лушан сардардың рөлін сомдайды. Осы секілді тарихи фильмдерде жарқырап көрінген, талантты қандасымыз соңғы төрт жылдың өзінде-ақ жиырмадан астам киноға түскен. Мұхтардың рөл сомдау барысындағы оттай жанған көз жанары, батырларға тән келбеті, ат үстіндегі сайыскерлік өнері  жұртқа ұнаған.  Бұл рөлдерді тамаша сомдауы оның қазақ ауылында туып,  бала кезінен батырлар жырын тыңдап, ат жалында ойнап өскенінің арқасы.

Қазақ актері түскен фильм Қытайда билет сатылымы бойынша рекорд орнатты

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x