Ұшақтарда 2026 жылдың соңына дейін интернет іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Сенаттағы талқылау барысында көлік вице-министрі мәлімдеді.
Талғат Ластаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Оның сөзінше, биыл жеткізілуі тиіс Dreamliner 787 ұшақтары ең алдымен борттағы интернетпен жабдықталады деп жоспарланып отыр.
Вице-министрдің мәліметінше, бұл әуе кемелері ұзақ қашықтыққа арналғандықтан, ішкі және халықаралық рейстерге пайдаланылады.
