Freedom Inside '26

Ұшақ апатында тірі қалған стюардесса делегацияны көргенде көз жасын тоқтата алмады

Ұшақ апатында тірі қалған стюардесса делегацияны көргенде көз жасын тоқтата алмады

Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдана Рагимлидің суреті мен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ол Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Стюардесса делегацияны көргенде, көз жасын тоқтата алмаған.

Айдана - Бакуден Грозныйға ұшқан, бірақ Ақтауға үш шақырым жерде құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында болғандардың бірі. Стюардессадан бөлек тағы бір экипаж мүшесі аман қалды.