Астана және Алматы қалалары бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қабылданған шаралар нәтижесінде есірткі арнасын ұйымдастырған адам қамауға алынды.
Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша ҰҚКД жедел қызметкерлері прокуратураның көмегімен есірткінің ірі партиясы бар қойманы тапты.
Тағы бір қазақстандық есірткі сақтады деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Алдын ала мәліметтер бойынша есірткі аймақта жұмыс істейтін ірі есірткі дүкенінің мүддесі үшін интернет арқылы сатылған.
Осы іс-шаралар нәтижесінде 18 келі психотроп зат пен 500 литрден аса прекурсор тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.