Украина премьер-министрі Арсений Яценюк қызметінен кетуге бел байлады

Dalanews 10 сәу. 2016 21:33 895



АҚШ вице-президенті Джозеф Байден үкімет басшысы қызметінен кететіні туралы мәлімдеген Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен телефон арқылы сөйлесті.





АҚШ вице-президенті Украина үшін тарихи маңызы жоғары кезеңдегі әріптестігі үшін Яценюкке алғысын білдірді.

Ол екі жыл ішінде ауыр да болса қажет әкономикалық реформаларды жүргізген, Еуропа одағымен қауымдастық туралы келісімге қол қойған және Украинаның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге тырысқан украин үкіметін жетістіктерімен құттықтады.

Байден мен Яценюк Украина экономикасындағы өзгерістердің одан әрі жалғасуы украин халқының әл-ауқаты мен жақсы болашағын қамтамасыз етуге қажет екенін мәлімдеді. Олар сонымен бірге Халықаралық валюта қоры және Еуропалық одақ кеңес еткен қажетті реформаларды жүзеге асыратын жаңа министрлер кабинетін жасақтаудың маңызын атап өтті.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар