Тұрсын Алагөзов «Қайрат» «Реалды» жеңсе, ерекше сыйлық жасайтынын айтты

Көркем Алдабергенова 20 қыр. 2025 21:03

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов алдағы үлкен матч алдында күтпеген уәде берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол «Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридті» жеңген жағдайда барлық ойыншыларға автокөлік сыйға тартатынын айтты.

Бұл туралы кәсіпкер жұбайы, продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жарияланған видеосында айтты.

«10 күннен кейін сүйікті «Қайратымыз» «Реалға» қарсы алаңға шығады. Республика патриоты ретінде туған күнім қарсаңында «Қайрат» жеңсе, бүкіл ойыншыға автокөлік сыйлаймын. Алматы – әлемнің астанасы, «Қайрат» – чемпион!» – деді Тұрсын Алагөзов бейнежазбада.

Айта кетейік, Алматының «Қайрат» клубы аты аңызға айналған «Реал Мадридпен» 2025 жылдың 30 қыркүйегінде өз алаңында кездеседі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар