Түркістан облысында Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету бағытындағы іс-шаралар пысықталды

Dalanews 11 қаң. 2024 08:56 1481

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың қатысуымен Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған жылдық іс-шараларды дайындау және өңірлік жоспарлардың орындалуы жөнінде отырыс өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Мәдениет және туризм басқармасы, Денсаулық сақтау, Қоғамдық даму басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары мен өкілдері және Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы қатысты.



– «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» төсбелгісі Ауған соғысының көзі тірі ардагерлерінің бәріне табысталуы тиіс. Жыл бойы атаулы патриоттық бағыттағы кездесулер, іс-шаралар ұйымдастырылады, – деген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бүгінде өңірде көзі тірі Ауған ардагері тұрып жатқанын нақты санын айқындау керектігін тапсырды.


Басқосуда Түркістан облысын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева Түркістан облысындағы Ауған соғысының ардагерлеріне заң аясында әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.

Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев жыл бойы өңірдегі білім ұяларында, жоғары оқу орындарында, жастар орталықтарында Ауғанстан жерінде қаза тапқан боздақтарды еске алу, батырларды құрметтеу арқылы отаншылдықты дәріптейтін түрлі форматтағы кездесулер мен іс-шаралар жоспарланғанын жеткізді.

15 ақпанда аудан, қалаларда мемориалдық тақталар мен ескерткіштері алдында арнайы жиындар өткізіледі. Батырлар рухына тағзым етіледі.

Айта кетейік, аталған іс-шара облыстың барлық аудан, қалаларында ұйымдастырылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар