Түнгі дабыл: алматылықтарды жер сілкінісі туралы хабарлама шошытты

Түнгі дабыл: алматылықтарды жер сілкінісі туралы хабарлама шошытты
ашық дереккөз

Google түн ішінде Android смартфонын пайдаланатын Қазақстан тұрғындарына Алматы маңында болған жер сілкінісі туралы хабарлама жіберіп, қауіпсіздік шараларын еске салды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, магнитудасы 5,6 болған жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 193 шақырым қашықта орналасқан. Картаға қарағанда, жер сілкінісі Қырғызстан аумағында тіркелген.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жер сілкінісі Қырғызстан аумағында болған. Алматыда жер асты дүмпуі сезілмеген.

Кактус Media басылымы жер сілкінісі Нарын облысында түнгі сағат 02:40-та тіркелгенін жазды. Оның күші 5 балл болған.